RU
Асанәлі Әшімов Димаш жайлы: Оның масштабы Қазақстанға сыймайды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асанәлі Әшімов Димаш жайлы: Оның масштабы Қазақстанға сыймайды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде "Ұлттық өнер -рухани болмыс" атты кездесуде халық әртісі, актер Асанәлі Әшімов әнші Димаш Құдайберген туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: auezov-theatre.kz

Фото: auezov-theatre.kz

Актер бірінші кезекте әлемді мойындатқан қазақ баласының қарапайымдылығына таңғалғанын айтады.

"Димаш -әлемдік өнер қайраткері. Оның масштабы біздің Қазақстанға сыймайды. Ол 2 миллиард халқы бар Қытайға барды. Мен оны бүкіләлемдік болды деп қабылдаймын. Қазақстанда жүрсе жылына бір концерт берер. Ол анда-санда келіп, есеп беріп тұрса да жеткілікті. Ал бүкіләлемге қазақты таныстырып жүрсе қуанамыз, сол біздің мақтанышымыз. Өзі әдемі бала.

Бірнеше рет үстел басында кездестік. Айман Мұсақожаеваның қарамағындағы Димашпен Американың Лос-Анджелес қаласында кездестік. Өте қарапайым бала. Мен таңғаламын. Бізде халықтың алдында бір-екі рет көрініп, сахнада балағаттайды, берекесін кетіреді. Өзін ұстай алмай қалатындар көп. Не ішіп кетеді, не құсып кетеді, жоқ болады. Ұстазым Шәкен айтатын, "өнерде менен де мықты болған, менен де мықты болады" деп. Адамның артында мықты қорғасын болуы керек. Ол адамның дандайсымауы үшін. Дандайсу -өнер адамының жауы", - деді Асанәлі Әшімов.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
100
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel