Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиыр сауып, жүн қырқамын: Ауылға келін болған қаланың қызы желіде жұлдызға айналды (фото)

Опубликовано:

Бүгінгі таңда Instagram желісінде өзінің аста-төк өмірін елге көрсетіп, ішкен-жегенімен мақтанатын блогерлер аз емес. Алайда қаладан ауылға келін болып түсіп, ауыл өмірінің барлық қыр-сырымен танысқан келіншектің желідегі парақшасы барша қазақстандықтарға танымал. Оның сиыр сауып, қой қырқып, қазы айналдырып жатқан суретттеріне көпшілік қызыға қарайды деп хабарлайды otyrar.kz арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Төлеби ауданы Нысанбек ауылына келін болып түскен Айдана Егеубаева ауылдағы үлгілі келіндердің бірі. 21 жасында келін болып түскен Айдананы ауылдың кәрісі де, баласы да оны жақсы көреді. Ол қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін барынша ұстанып қана қоймай өз қатарластарына насихаттайды.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Айдана – қалада туып өскен қыз. Қазақ халқының көптеген дәстүрінен бейхабар болған. Жас келіннің өмірі салт-дәстүрді сақтаған ауылға келін болып түскен сәтінен кейін мүлдем өзгеріп кеткен.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC
«Бастаңғы беру», «Ерулік» дегендердің мән-мағынасын осы ауылға келгеннен кейін білдім. Бір күні апам бір жаққа қыдырып кеткенде «енеңнің басын таң» деп көршілер келді. Алғашында абдырап қалғаным бар, әрине. Бұл «апамыз аман-есен үйге оралсын» деген жақсы тілектің белгісі екен.
Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Мән-мағынасын түсінгеннен кейін таза ниетпен келген көршілеріме ет асып, құрмет көрсеттім. Бәріміз апама ақ жол тілеп, сапары сәтті болсын деген ниетпен улап-шулап басымыз қосылды. Бұл жоралғы маған өте ұнады. Өйткені әрқайсысымен етене танысып, туысқандай араласып кеттік.

Үлкендер алыс сапарға кеткенде абысындар да жиналып, олардың аман-сау оралуы үшін «Абысын шәйын» ішеді екен. Мұның бәрін ауылдан көрдім. Мұны көріп өскен жастар, мысалы біздер, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізетініміз анық», - дейді ол.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Жас келіннің айтуынша, ол ауыл тіршілігіне бірден үйреніп, оның қызығушылығын оятқан.

Айдана салт-дәстүріміздің көріністерін Instagram парақшасына сала бастайды. Тек сурет жүктеумен шектелмей, сол фотоға қатысты түсінік жазба да қалдырып жүрген. Өз жазғаны мен суретіне қызығушылық танытатын адамдардың саны күрт көбейетінін мүлдем білмеген. Әр жазбасы кеңінен талқыланып, лайктаған оқырмандарының да саны артқан.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC
«Инстаграм парақшамды жүргізе келе адамдардың жасандылықтан шаршағанына көзім жетті. Өйткені пікірлерде инстаграмдағы боянған қыздардан, киген киімін, ішкен-жегенін, қайда жүргенін дәлелдейтін, өзін бақытты көрсеткісі келетін посттардан шаршаған адамдар көп болды.
Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC
«Нағыз қазақ ауылының шынайы өмірін көрсеткенің үшін алғыс айтамын» деушілер көбейді. Парақшамның ерекшелігі де осы шынайылықта. Күнделікті тіршілікті көрсеттім. Сол үшін де адамдарға ұнады. Мысалы, қой қырқып жатқан кез қандай керемет.
Бүкіл ауыл жиналып, у-шу боп, қалжыңдасып жүріп шаруаны тындырып тастайды. Ондағы аура басқаша болады. Отбасылық жиындарда, мерекелерде абысындар жиналып, барлығымыз бауырсақ пісіріп және үлкен қазанға бір-бірімізбен жарыса қамырды салып жатқан кезден, апаммен бірге ішек-қарын тазалаған көріністерден суреттер жариялаймын.
Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC
«Ой, қаланың қызы еді. Ауылға күйеуге тиіп, істеп жүргенін қарашы» деген мазақ сөздерден қорықтым. Бірақ, бұл ұят емес екен. Бұл – нағыз бақыт, нағыз шынайылық екеніне көзім жетті. Барлық әрекеттің түбінде ағайын-туыстың басын қосып, береке-бірлікке шақыру жатқанын түсіндім. Сондықтан еш қымсынбай парақшама жарияладым», -дейді ол.

Тек жақсы қасиеттерімен көпті өзіне баураған Айдана таяуда өткен «Жақсы келін – ырысың» байқауында да бас жүлдені қанжығасына байлады.

Ауылға келін болған қала қызының өмірі желіде хитке айналды
Фото келіншектің Instagram парақшасынан алынды: UGC

Айдананың тұрмысы тек үй шаруасымен, инстаграмға фото салып, пост жариялаудан тұрмайды. Ол - екі баланың аяулы анасы. Үшіншісін күтіп жүрген асыл жар. Сонымен қатар, ауыл мектебінде математика пәнінен сабақ береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727582-siyr-sauyp-zn-kyrkamyn-auylga-kelin-bolgan-kalany-kyzy-zelide-zldyzga-ajnaldy-foto/

pixel