RU
40 жыл бойы туыстарынан адасқан қария желідегі әнімен жақындарын тапты (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

40 жыл бойы туыстарынан адасқан қария желідегі әнімен жақындарын тапты (видео)

Рассказать Вконтакте

Үнділік фотограф Фироз Шакир деректі фильм түсірумен айналысады. Бірде ол Мумбайдың кедей ауданында жүріп, Гамбхир Сингх атты ән айтып отырған қарияны жолықтырады. Фироз оны видеоға түсіріп, ғаламторға жүктеген деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.Ru

Фото: Life.Ru

"Мен қарияға тамақ алып беріп, аз-маз ақша ұстаттым. Содан кейін оның ән айтып отырғанын вимдеоға түсіргім келді", - дейді Фироз Шакир.

Белгілі болғандай, Сингх қария жас кезінде әскерден оралған соң, үйінде бауырларымен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін ренжіп, белгісіз жаққа кетіп қалыпты. Оның туыстары ондаған жыл бойы іздеу салғанымен, еш нәтиже болмапты.

Фото: Life.Ru

Фото: Life.Ru

Гамбхирдің өлең айтып отырған видеосын желіден көрген туыстары бірден Мумбайдағы полицияға хабарласыпты.

"Мен видеоны көрген кезде көз жасымды тоқтата алмадым. Қобалжығаным соншалық, бірнеше күн бойы нәр татпай қойдым. Оның тірі екенін білу - үлкен бақыт біз үшін. Бұл бір қорқынышты түстен оянып кеткендей әсер сыйлады", - дейді қарияның інісі Кулачандра.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір