RU
Қатты уайымдадым: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік балалардан кешірім сұрады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қатты уайымдадым: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік балалардан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Наурызда Ділназ Ахмадиева мүмкіндігі шектеулі балаларға концерт беруі тиіс болатын. Алайда концертті кейінге қалдырған әнші ақтөбелік балалардан кешірім сұрады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Диапазонға" сілтеме жасап хабарлайды.

Ділназ Ахмадиева. Фото: Диапазон

Ділназ Ахмадиева. Фото: Диапазон

Ділназ кейінге шегерген концертін ақыры өткізіп, өз сөзінде тұрды. Концертке жағдайы төмен отбасының балалары, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар жиналған.

"Ділназ өткен жолы ауырып қалғаннан концерт бере алмағанына қатты уайымдады", - дейді қала әкімінің орынбасары Гүлбаршын Айдарханова.

Ділназ Ахмадиеваның концерті. Фото: Диапазон

Ділназ Ахмадиеваның концерті. Фото: Диапазон

Әнші концертті бастамас бұрын наурызда келе алмағаны үшін балалардан кешірім сұрап, уәде еткенінен көбірек ән орындап берді.

Одан бөлек әнші балаларға өзінің эксклюзивті дискілерін сыйға тартқан.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір