Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бұрынғы сәләфит жігіт бауырларын тура жолға шақырды

Опубликовано:

Ақтөбеде бұрын сәләфизм жолын ұстанған жігіт мешіт жамағатының алдында ағынан жарылды. Абу ханифа мазхабымен білім алған жігіт не себепті сәләф болғанын өз ауызымен айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Ер адам мүфтият ұстанған жолға қайтуының себебін де түсіндірген.

"Мен 1995-1997 жылдары мектепті бітіргеннен кейін Шымкент қаласындағы Қошқар ата медресесінде оқыдым. Одан кейін Ирандағы ислам университетін тәмамдағанмын. Екі оқуды да әбу ханифа мазғабымен оқығанмын. Ауылға келгеннен кейін қасиетті қалалар Мекке мен Мәдина қалалары ұстанған жол дұрысырақ деген ойға келдім. Сәләфилық барлық мұсылмандарды біріктіретін жол деп ойладым. Қазір қайтадан мүфтият", - дейді Ақтөбенің өкіл имамының жанында тұрып жамағатпен тілдескен жігіт.

Жерлестерін ауызбіршілікке шақырған ер адам ел бірлігін ойлау керектігін айтады.

"Мүфтият қолдаған жолға өтуді жөн көрдім. Себебі қазір бір-бірімізді дұшпан көріп, бөлінуге әкеліп жатқан жағдайлар көп. Ханафи жолына келуіміздің бірінші себебі- елдің ауызбіршілігі. Екінші, сөзіміздің өтуі. Жақында бір бауырымыздың туысы қайтыс болды. Бізде садақада торт пен жеміс қойып, той сияқты өткізеді. Соны біз айтқанымызда сөзіміз тыңдалмады, басқа ағым ретінде қабылдады. Сол кезде имам арқылы айтқызғанда ғана тыңдады. Яғни бізде ауызбіршілік болса сөзіміз тыңдалады. Кейбір бауырларымызда әбу ханифа мазхабын христиан, буддузм сияқты көретін түсінік қалып қойған.

Қазір Алланың сипаты, Алла қайда деген түсінікте пікірлер екіге бөлініп жатыр. Біз мұны Аллаға тапсырамыз, Алла білуші. Ал біз ауызбіршілікте болуымыз керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727591-aktbede-bryngy-slfit-zigit-bauyrlaryn-tura-zolga-sakyrdy/

pixel