RU

Танымал визажист бетіне бояу жағатын отандық әншілердің сырын айтып қойды

Танымал визажист Санди Бексырға сахнаға боянып шығатын жігіттердің сырын айтып қойды деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Санди Бексырға. Фото: Instagram
Санди Бексырға. Фото: Instagram: UGC

"Сахнаға жаңа шыққан жос топтар боянады. Мысалыға "Ninety one" тобының жігіттері. Бетіне грим жасатпайтын жігіттер де бар. Олар Нұржан Керменбаев, Ұлықпан Жолдасов. Бірақ, кемінде тоналка мен пудраны аздап жағамыз", - деді визажист.

Боянуға қарсылық танытпайтындардың бірі режиссер Жеңісхан Момышев: "Бояну керек. Өйткені ол бояну емес. Оны "грим" дейді. Сахнада жүрген адамға керек. Өйткені жарық дұрыс қойылмайтын болса, адамның беті жаман көрінеді", -дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727608-tanymal-vizazist-betine-boau-zagatyn-otandyk-nsilerdi-syryn-ajtyp-kojdy.html