RU
Жаңа фобия: Қазақстандықтардың кредит десе "төбе шашы тік тұратын болған"
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа фобия: Қазақстандықтардың кредит десе "төбе шашы тік тұратын болған"

Рассказать Вконтакте

Психолог мамандар елімізде қорқыныштың жаңа түрі белең алғанын айтып, дабыл қақты. Олардың сөзіне сенсек, қазақстандықтардың дені кредит десе зәре-құты ұшады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Несие карточкасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Несие карточкасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ел тұрғындарын алаяқтар олардың үстінен астыртын кредит алып жібереді деген қорқыныш мазалайтыны белгілі болды.

Мәселен, астаналық "кредитофоб" (несиеден қорқатын адам) Аман, тіпті жеке мәліметтерін алаяқтар пайлалана алмауы үшін әлеуметтік желідегі барлық парақшаларын өшіріп тастаған екен.

"Маған біреу жеке куәлігімді көрсетуін сұраса, қан қысымым көтеріледі. Тынысым тарыла бастайды. Бір күні түсімде "сіздің басыңызда бірнеше миллион кредит бар" деп белгісіз біреу қорқытып жатқан жерімнен ояндым", - дейді Аман.

Жаңа фобия түріне шалдыққан жас жігіт пойызға билет алудың өзінен қорқатынын жасырмады. Себебі, құжатын көргендер үстінен астыртын несие алып жібереді деп ойлайды екен.

Оның үстіне құжатын көрсетуді сұрайтын мемлекеттік органдардан да аулақ жүруге тырысатын көрінеді.

Айта кетерлігі, елімізде "кредитофобтардан" бөлек кредит алуды ұнататын "кредитомандар" да баршылық болып шықты. Олар ақшасының жоқтығына қарамастан, үсті-үстіне несие алып, бәріне қарыздар болып үлгеруде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
3
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір