RU
Роналду Мессидің отанын жақсы көретінін айтты
Жаңалықтар Әлемде

Роналду Мессидің отанын жақсы көретінін айтты

Рассказать Вконтакте

"Реал Мадрид" футболшысы Криштиану Роналду қоғамда ұзақ уақыт бойы айтылып келген ақпаратты Instagram желісі арқылы жоққа шығарды. Ол өзінің Аргентина мемлекетін жек көретіні жайлы мәліметтердің жалған екенін айтып, қарсыласы Мессидің отанына деген махаббатын жеткізді деп хабарлайды eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Танымал португалиялық спортшы Instagram желісіндегі өзінің кезекті тікелей эфирі барысында Аргентина мемлекетіне деген ыстық ықыласын білдірді.

Оқырмандарының сауалдарына жауап берген Роналду бұрыннан бері айтылып келе жатқан пікірдің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Оның айтуынша, аяқдопшының Аргентинаны жек көретіні жайлы жалған мәліметтерді ақпарат құралдары ойдан құрастырып алған. Бұл қылығымен олар оның бас қарсыласы Месси екеуі арасына от салуды мақсат етсе керек.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Криштиану Роналдудың Аргентинаны жақсы көруінің бір себебі оның сүйіктісі Джорджина болған көрінеді. Себебі, португалиялық жұлдыздың ғашығы көбісі ойлағандай таза испан қызы емес, жартылай аргентикалық болып шықты.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Джорджина Родригестің аргентиналық тамырлары бар екені тек тікелей эфир кезінде ғана белгілі болды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, Роналду мен Джорджинаның ортақ қыздары бар. Бірге олар төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Осылайша Аргентина мадридтік Реал футболшысына бас қарсыласы мен өмірлік махаббатын да сыйлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір