RU
Астанада үш баланың ата-анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада үш баланың ата-анасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Елордалық полиция қызметкерлері мен еріктілер бес күн бойы жоғалып кеткен ерлі-зайыптыларды іздестіріп жатыр. Олардың күш жұмылдыра істеп жатқан жұмыстары әлі нәтиже берген жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева 12 сәуір күні жоғалып кеткен.

Танертен ортаңғы қызын даму орталығына апарып тастаған әйел сол күйі оралмаған. Оның күйеуі де дәл сол күні жоқ болып кетті.

Із-түзсіз жоғалып кеткен ата-ананы үйінде үш баласы күтіп отыр. Үлкені 7-де болса, ең кішісі енді ғана бір жасқа толған.

Қазіргі таңда, оларды балалар үйіне орналастыру жоспарланып отыр.

Ерлі-зайыптылардың ерекше белгілері:

Анасы: ұлты - қазақ, бойы 155-160 см, арықтау келген. Көзіне көзілдірік киіп жүретін. Үстінде қоңыр күртеше, басына қара және ақ түсті жолақтары бар орамал тартқан. Сұр шалбар мен қоңыр түсті биік етікте болған.

Әкесі: ұлты - ұйғыр, бойы 165-170 см, арықтау келген. Сұр түсті желетке киіп алған. Басында бас киімі болды. Ашық көк түстес шалбар мен байлаулы қара аяқ киімде немесе көгілдір жолағы бар кроссовкада болуы мүмкін.

Егер бұл адамдарды көрген болсаңыз немесе олар жөнінде қандай да бір ақпарат білсеңіз мына нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 102 немесе 8-778-102-54-59.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
14
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір