Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер ең көп айтатын алты өтірікті білесіз бе?

Опубликовано:

Мамандар нәзік жандылардың ерлерге ең көп айтатын алты өтірігін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өтірік. Көрнекі фото: greenme.it
Өтірік. Көрнекі фото: greenme.it: UGC

Сонымен, әйелдердің ең жиі айтатын алты өтірігі келесідегідей:

1. Ер азаматтың оған көмегі зор болғаны туралы өтірік.

Әйелдер өзі оңай шеше алатын мәселені әсірелеп, ерінен көмек сұрайтын кездер жиі болады екен. Олар осылайша ер азаматтың өзін пайдалырақ сезінгенін қалайды.

2. Кей фактілерді жасыруға тырысу.

Мәселен, әйел бала кезінде тым семіз болса, ер адам оның балалық шағындағы суреттерін көре алуы екіталай.

3. Өмірінде қанша жігітпен жақын қарым-қатынаста болғаны туралы өтірік.

Әйелдер бұл жайтта ағынан жарылғанды ұната бермейді.

4. Қанша ақша жұмсағаны туралы өтірік

Бұл өтірікті әйеліңізді дүкен аралауға жібергенде байқаған боларсыз?

5. Бұрынғы жігітімен сөйлескенін жасыру.

Көп әйелдер бұрынғы жігіті қоңырау шалғанын күйеуінен жасырғанды оң санайды.

6. Өзіне кезінде көп жігіт ғашық болғаны туралы өтірік.

Шын мәнінде әйелдер осылайша ерінің алдында өз құнын көтеруді қалайды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727637-jelder-e-kp-ajtatyn-alty-tirikti-bilesiz-be/

pixel