RU
Өзіміз де қиналып отырмыз: Ақтөбеде қаза болған оқушыға қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Өзіміз де қиналып отырмыз: Ақтөбеде қаза болған оқушыға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бір апта бұрын қайтыс болған мектеп оқушысына қатысты шу басылмай тұр. Мектеп директоры Назгүл Қасен сабақта отырған оқушының қалай қайтыс болғанын айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Назгүл Қасен

Назгүл Қасен

"Оқиға соңғы 10 сәуір күні тіркелді. Түстен кейінгі мезгілде оқитын оқушымыздан айрылып қалдық. Өзіміз де қиналып отырмыз. Дильназ класс жетекшісі беріп жатқан тәрбие сағаты кезінде қасында отырған оқушыға құлаған. Алтыншы сабақ болатын. Бірден мебдике жүгіріп, жедел жәрдем шақырдық. Көрші класста ағасын, жақын жерде жұмыс істейтін мамасын шақырдық. Бала есін жинай алмай талып жатты", - деді № 38 мектеп директоры Назгүл Қасен.

Мектеп директоры оқушының денсаулығында осыған дейін де әлсіздік болғанын айтты.

"Қатты қобалжығаннан жедел жәрдемге минут сайын хабарласа бергенбіз. Кешкі сағат 18:18 де қоңырау шалдық. Көмек 18:38-де келді. Сол аралықта шыдай алмай орынбасарым жолға екі қолын көтеріп шығып, кетіп бара жатқан 103 қызметін кіргізіп алды. Біз баланы ауруханаға алып кеткеннен кейін қайтыс болғанын естідік. Балада осыған дейін де әлсіздік болған. 20 күн бұрын дәлізде басы айналған кезде шай беріп үйіне қайтарған болатынбыз. Жағдай қайталанып тұр", - дейді мектеп директоры.

Мектеп директорының айтуынша, отбасынан шағым түспеген. Мектепте екі баласы оқиды екен. Отбасының әлеуметтік жағдайын пәтер жалдап тұрады деп түсіндірді.

Ал анасы оқиғаға қатысты ештеңе айта алмайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбенің №38 мектебінде жағдайы нашарлаған 10 жастағы оқушының қаза болағанын хабарланған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
28
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel