RU
Құдайдың құдіреті: Шымкентте бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап, аман қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Құдайдың құдіреті: Шымкентте бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап, аман қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте үшінші қабаттан құлап кеткен бір жарым жастағы сәби құдайдың құдіретімен аман қалды. Оның нағашы әпкесі NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдап, баланың жағдайы түзелгеніне қуанып тұрғанын жеткізді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Шымкент қаласындағы 11-мөлтекауданда тұратын Есімбек Әлинұр 14 сәуір күні үшінші қабаттан құлап кетеді. Үш баласы бар ана үй шаруасымен жүріп, сәбидің балконға шығып кеткенін байқамай қалыпты.

"Сіңілімнің үлкен қызы сегізде. Екіншісі бес жаста. Олар Әлинұрмен бірге бөлмеде ойнап отырған. Балконның есігі қалай ашылып қалғанын ешкім білмейді. Әлинұр балконда тұрған киім кептіргіштің үстіне шығып алып, терезеден ауып кетіпті", - дейді Бибігүл Сұлтанмұратова.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сәбидің анасы "гүрс" еткен дауысты естігенде ғана жүгіріп жетіп, баласының жерде жатқанын байқапты. Абырой болғанда, сәби көпқабатты үйдің жақтауындағы бетонға емес, қара жерге құлаған.

"Әлинұрымыздың аман қалғанына бірінші Алла, содан кейін облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері себеп болды. Оларға ризашылығымыз шексіз. Баланың қазіргі жағдайы жақсы. Дене жарақаттары бар, бірақ еш жері сынбаған", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
1
3
47
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel