RU
Англияда оқушысымен төсектес болған 53 жастағы мұғалім ақталып шықты
Жаңалықтар Әлемде

Англияда оқушысымен төсектес болған 53 жастағы мұғалім ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Манчестар қаласының соты 53 жастағы Дебора Лоуға қатысты бір жылға созылған істі аяқтап, нақты шешім қабылдады. Өз оқушысымен бірнеше мәрте жыныстық қатынасқа түскен мұғалімнен барлық айыптар алынып, ол толығымен ақталып шыққан деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Соңғы сот отырысы екі сағатқа созылып, нәтижесінде нақты сот үкімі шыққан. Бастапқыда кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа итермелегені мен сенімге кіріп қолданғаны үшін айыпталған Дебора Лоудың кінәсі расталған жоқ.

Зардап шеккен ер жігіттен қайта алынған мәліметтерге сәйкес, мұғалім екеуінің қарым-қатынасы оның кәмелетке толғанынан кейін бірақ бастау алғаны анықталды. Осыған орай Дебора Лоу қылмыс жасамағаны дәлелденді.

Өз сөзінен өзі жаңылған жас жігітті мұғалімнің қорғаушысы қатты сынға алды. Оның айтуынша, ер азаматтың ойлау қабілеті шеттен тыс шығып кетсе керек.

"Ол бар болғаны өзінің атағын шығарып, басылымдарға хикаясын қомақты қаражатқа өткізбек болды. Оның көздегені Дебораны соттау да емес, ақшаға көнелгісі ғана келді", - деп айтты", - Нил Фишер.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Дебора Лоу сот отырыстарынан әбден шаршап, жүйке жүйесі де сыр бере бастаған. Ол тіпті кез келген үкімге көнбекші болыпты. Алайда оны ақтап шығару үкімі оның ойына мүлдем кіріп шықпаған көрінеді.

"Соңғы жыл мен және менің отбасым үшін аса ауыр болды. Мені ақтап шығаруға ерлік танытыа өз дәлелдерін келтірген бұрынғы оқушыларым мен әріптестеріме мың алғыс", - деп ағынан жарылды мұғалім.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

53 жастағы әйел өз қорғаушыларының еңбегін де жоғары бағалады. Сот ісі аяқталған соң, өз-өзіне келу үшін Дебора Лоу отбасымен демалуға кетіп қалды.

Айта кетейік, ер азамат мұғаліміне өзін жыныстық қатынасқа итермелегені үшін арыз жазып, ұстазбен төсектес болу мектеп оқушысының арманы деп айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel