Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: "Самұрық-Қазына" қорының басшылығын қысқарту керек

Опубликовано:

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысы болып өтті деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев потребовал сократить уровни управления фондом «Самрук-Казына»
Фото: Ақорда: UGC

Отырыс барысында "Самұрық-Қазынаның" жаңартылған даму стратегиясын қабылдауға қатысты мәселелер талқыға түсті.

Кездесуде сөз алған Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" қорының ұлттық экономиканы бұдан әрі дамыту әрі нығайтудың стратегиялық маңыздылығына атап айтты.

Мемлекет басшысы Қорды дамытуға бағытталған іс-шараларға оң баға беріп, бұған дейін қабылданған бағдарламаларды заманауи үлгіге сай етіп жаңарту қажет екенін тілге тиек етті.

Отырыста, сонымен бірге, Қордың кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану және адам капиталын дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға тиісті шараларды қолға алуды қажет ететін мәселелер туралы айтты.

"Қорды басқару тиімділігін арттыруға қатысты. Әлі күнге дейін Қор компанияларын басқарудың көпсатылы жүйесі жүзеге асуда. Бұл шешім қабылдауды күрделендіре түседі. Сонымен бірге саны көп әкімшілік-басқару қызметкерлерін ұстау да қыруар қаражатты қажет етеді. Сондықтан басқару сатыларын азайту керек", - деді елбасы.

Отырыс соңында президент "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңартылған Даму стратегиясы мен Қорды трансформациялау бағдарламасын мақұлдап, олардың жүзеге асырылуын қадағалауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1727701-nazarbaev-samryk-kazyna-koryny-bassylygyn-kyskartu-kerek/

pixel