RU
Бас прокуратура абақтыда отырған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы жөнінде пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бас прокуратура абақтыда отырған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы жөнінде пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Үкімдер заңдылығын бақылау жөніндегі қызметтің басшысы Қайрат Жақыпбаев елордада өткен баспасөз мәслихаты баырыснда сотталған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: rus.azattyq.org

фото: rus.azattyq.org

"Негізінде оған үздіксіз келіп тұрады. Отбасы мүшелері онымен жиі кездесіп тұрады. Туысқандарының өзі оған ауруханаларды іздеп, қалаған жеріне қаратып алып келіп жатады", - деп айтты басқарма басшысы.

Жақыпбаевтың айтуынша, дәрігерлер Мұхтар Жәкішевтің созылмалы ауруларына байланысты қарап қайтуға екі аптада бір рет келіп тұрады.

Оған қоса, түрме дәрігерлерімен емес, өзге аурахана мамандары ұсынған дәрі-дәрмектер тізімі де бар.

Бас прокуратура өкілдері Жәкішевтің дәрілерді қолданатынын растады.

"Денсаулығына қатысты жағдайдың бәрі жасалған. Ауруханаларға да қаралып жүр", - деп сендірді Қайрат Жақыпбаев.

Айта кетейік, Мұхтар Жәкішев 2010 жылы 14 жылға сотталған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
5
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір