RU
Ақтөбедегі оқушының өліміне қатысты дәрігерлер жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбедегі оқушының өліміне қатысты дәрігерлер жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік дәрігерлер мектеп оқушысының қазасына қатысты алғашқы медициналық экспертиза қорытындылары бойынша мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік
"Жедел жәрдем көмегі 14 минуттың ішінде болды. Бірақ мұндай жағдайда әр минут қымбат. Көмек күткен туыстарына, мектеп қызметкерлеріне 14 минут ұзақ болып көрінуі мүмкін.

Біз тексергенімізде осы 14 минут ішінде мектептен 4-5 қоңырау түскен. Жедел жәрдемді даладан ұстадық деген шындыққа сай келмейді. Олар шақыру бойынша толық дайын болып келді.

Бала жедел жәрдем қызметі жеткенше қайтыс болған. Алғашқы медициналық тексерістерде мезгілсіз жүректің тоқтап қалуынан деп көрсетілді. Мұндайда қазаны тек 20 минуттан кейін ғана ескертеді.

Айта кетерлігі, бала осыған дейін дәрігерге қаралып, еш шағым айтпаған. 27 сәуір күні екінші экспертизаның қорытындысы дайын болады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

№ 38 мектептің 5 класс оқушысы Дильназ Әбішева тәрбие сағаты болып жатқан кезде жанындағы оқушыға қарай қисайып құлап қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel