RU
Астанада балабақшадан шығып кеткен бүлдіршін бір өлімнен аман қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада балабақшадан шығып кеткен бүлдіршін бір өлімнен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Астанада жекеменшік балабақшаның екі жасар тәрбиеленушісі серуен кезінде өзенге батып кете жаздады. Елорданың Білім басқармасының берген мәліметінше, балабақша мемлекеттік тіркелмеген заңсыз мекеме болып шықты, деп хабарлайды Elorda Info. порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада өз бетімен балабақшадан шығып кеткен сәби суға кете жаздады

Астанада өз бетімен балабақшадан шығып кеткен сәби суға кете жаздады

17 сәуір күні Орталық өңірлік аэромобилдік құтқарушы жедел-құтқару командасының құтқарушысы Ерден Қабылтаев Есіл өзенінің қарсы бетіндегі жағалауда суға түсіп кеткен нәрестені көзі шалып, дереу қоңырау-дабыл жариялайды.

Нәтижесінде, кезекші құтқарушылар тобынының жетекшісі Жалғас Сәрсембаев жедел машинада жетіп келіп, баланы құтқармақ болып суға қойып кеткен.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, бала тұншығып қалыпты, дегенмен құтқарушы азамат дер кезінде қимыл жасап, баланы суға батып кетуден аман алып қалған.

Артынша бүлдіршіннің серуендеу кезінде ойылып кеткен мұздың астына түскені анықталды.

Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілген. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Біз осы балабақшадағы деректерді тексердік. Анықталғаны, ол балабақша мемлекеттік тіркеуден өтпеген екен. Яғни көлеңкелі кәсіп болған», - дейді Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
2
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel