RU
Қыз туа бергені үшін күйеуі тастап кеткен әйел қайырымды жандарға алғыс білдірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қыз туа бергені үшін күйеуі тастап кеткен әйел қайырымды жандарға алғыс білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Порталымызда жарияланған мақаладан кейін мүгедек қыздары бар жалғызбасты анаға көмек көрсетілді. Шымкенттік азаматша қолдау көрсеткен қайырымды жандарға алғысын білдірді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

шымкент

Жалғызбасты ана қызын Өзбекстанда емдетіп келген. Ташкент қаласындағы дәрігерлер 15 жастағы қызға диогноз қойып, сырқатының бетін қайтарған.

Бір аптаға жуық шет мемлекетте болған келіншек енді перзентін Алматы қаласындағы медициналық мекемелердің біріне ем-дом шараларын жалғастыру үшін барады.

"Ассалаумалейкум..... Әуелі Алла тағалаға алғысым шексіз, содан кейін Nur.kz порталына алғысым ерекше шексіз.! Бәріне де рахмет! Алла разы болсын. Осындай порталымыздың барына дән ризамын", - дейді Карима Хайдарова.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте күйеуі тастап кеткен жалғызбасты ананың бес баласын асырай алмай отырғандығы туралы жариялаған болатынбыз.

Шиіттей бала-шағаға күнделікті тамақ тауып беру -келіншекке оңайға соқпады. Бұған қоса, екі қызы мүгедек. Науқас балалардың емі мен дәрі-дәрмегіне ақша таппақ түгілі, күделікті күнкөрістің өзі мұң еді.

Ал бес қызымен бір-ақ күнде тастап, жөніне кеткен отағасы отбасына көмек қолын созбақ түгілі хал сұрауға да құлықсыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
8
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір