RU
Ұстаздар мен қарттарды малға теңеген қала әкімі ескертумен құтылды
Жаңалықтар Әлемде

Ұстаздар мен қарттарды малға теңеген қала әкімі ескертумен құтылды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстандағы Әндіжан қаласының басшысы Ділмурод Рахматуллаев премьер-министр Абдулла Ариповтан соңғы мәрте ескерту алды. Өткен жылы сот оған жергілікті ұйым басшыларын, ақсақалдарды, мектеп директорларын балағаттағаны үшін 5 млн сум айыппұл салған деп хабарлайды Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұстаздар мен қарттарды балағаттаған әкім

Ұстаздар мен қарттарды балағаттаған әкім

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Әндіжан қаласының басшысы Ділмурод Рахматуллаевқа мектеп мұғалімдеріне көше тазалатып, оларды қымбат шыбықтар сатып алуға мәжбүрлегені үшін ескерту жасады.

2017 жылы 21 қарашада Рахматуллаев жергілікті лицейлер мен колледж директорларын мақта жинауға адам аз жібергені үшін "шибөрілер, малғұндар, албастылар" деп балағаттаған.

Ал 18 қарашада қалалық әкімшілік жиналысында 64 жастағы мұғалімді "албасты", "малғұн" деп сөккен.

​Кейін Бас прокуратура шенеунік әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық белгілері барын хабарлады. Өткен жылы 18 желтоқсанда әкімнің ісі сотқа жолданды.

2017 жылдың аяғында сот Рахматуллаевқа 30 ең төменгі жалақы (5 млн сум немесе 650 доллар) көлемінде айыппұл салды.

Дегенмен бұл сот шешімі шенеунікке сабақ болмаған. Мысалы, биыл ақпан айындағы жиналыста Рахматуллаев жергілікті ұйым басшыларын металл сынығын өткізу жоспарын орындамағаны, балалар спортын дамытуға ақша бөлмегені үшін "шибөрілер, малғұндар, албастылар, малдар" деп балағаттаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel