RU

Көкшетауда оқушы қызды зорлап кеткен күдікті қолға түсті

Көкшетауда кәмелетке толмаған оқушы қыз сексуальдық зорлық-зомбылыққа ұшырап, полиция қылмыстық іс қозғады деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қылмыстық кодекстің 121 бабы 3-бөлігі (кәмелеттік жасқа толмағанға сексуальдық сипатта күш көрсету) бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Күдікті адам анықталды", — деп хабарлады полиция.

Қылмыстық қудалау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

ҚазақстанҚылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын атап өтті полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727740-kksetauda-okusy-kyzdy-zorlap-ketken-kdikti-kolga-tsti.html