RU
Жамбылда шаруаларға бөлінген субсидияны қалтасына басқан шенеунік ұсталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жамбылда шаруаларға бөлінген субсидияны қалтасына басқан шенеунік ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттің шаруаларға бөлген субсидиясын жымқырды. Ол қомақты қаражатты отбасылық бизнесіне аударып жіберген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Бүтін бір ауданға үкіметтен жеңілдік есебінде бөлінетін қаражаттың басым бөлігін шенеуік өз қалтасына басып отырған. Тіпті ол ақша игерудің ерекше әдісін меңгеріп алыпты.

Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Самат Сейдахметов субсидияны тек өз туыстарына ғана үлестіріп берген. Бөлінген көл-көсір қаражатты әйелі мен баласы, келіні мен ағасының атына қожалықтар ашып, солардың есеп-шотына түсіріп отырғаны әшкере болды.

Осындай жымысқы әрекеті нәтижесінде қазынаға екі жыл ішінде 160 млн. теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда, шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
6
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір