RU
Талдықорғандық оқушы мұғалім ұрысынан кейін ауруханадан бір-ақ шыққан
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғандық оқушы мұғалім ұрысынан кейін ауруханадан бір-ақ шыққан

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда мектеп оқушысы мұғалімінің ұрысынан кейін өзін жаман сезініп, оның жүрек талмасы ұстап қалды. 9 жасар бала мектептен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Дінмұхамед Рахымовтың ауырып қалғанына жақындары мен сыныптастары мектеп мұғалімдерін кінәлап отыр. Ал, мектеп басшылығы керісінше ұстаздардың соңына шам алып түскен, баласын шектен тыс еркелеткен ананың өзі айыпты дегеннен таймай отыр.

Мұғалімнің ұрысынан кейін Димаш есеңгіреп қалып, туыстарына алып кетсін деген Мектепке тез арада барған әжесі боп-боз болған немересін танымай қалды. Айтуынша, оқушының тынысы тарылып, денесі дірілдеп, қалшылдаумен болған.

9 жасар бала қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Ол енді мектепке оралғысы жоқ. Туысқандары мұғалімге шағым түсірмек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
1
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel