RU
Жамбыл облысында қылмыстық топқа жетекшілік еткен әйел ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында қылмыстық топқа жетекшілік еткен әйел ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында жүргізілген ауқымды операция барасында әйел адамы басшылық еткен қылмыстық топ құрықталды. Есірткі саудасымен айналысты делінген күдіктілердің арасында жұптасқан екі отбасы бар деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Қылмыскерлерге Ауғанстаннан әкелінген героинді еліміздің әр түкпірінде сатты деген айып тағылуда. Олар көптен бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бақылауында болған.

Алайда тұтқындау үшін дәйектер жетіспей жүрген. Енді есірткі саудасымен айналысқандар нақты айғақпен ұсталып отыр.

Бір мезетте бірнеше мекен-жайда жүргізілген құрықтау шарасы барысында бес келіден асатын героин табылған. Сондай-ақ, күдіктілерден заңсыз жолмен табылған ақшаға сатып алынды делінген жеңіл машина мен трактор да тәркіленді.

Ерлі-зайыптылардан құралған топтың бұл заңсыз іспен қанша уақыттан бері айналысып келгендері қазір анықталып жатыр Олар өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.

Айта кетейік, күдіктілердің бесеуі жамбылдан біреуі Атыраудан ұсталған. Бәрі осы өңірдің тумалары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel