RU
Мәскеуде терезеден құлаған қыздың анасы оның дағыстандық жігітпен қатынасы туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде терезеден құлаған қыздың анасы оның дағыстандық жігітпен қатынасы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде терезеден құлаған қыздың анасы қызының Дағыстан министрлер кабинеті экс-басшысының ұлымен қарым-қатынасы туралы Instagram парақшасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Томирис Байсафа. Фото: әлеуметтік желі

Томирис Байсафа. Фото: әлеуметтік желі

Жанна Ахметованың айтуынша, оның қызы сұлу әрі спортпен шұғылданады. Ағылшын және неміс тілдерін үйрететін Мәскеу университетінің төртінші курс студенті. Томирис магистратураға түсуді жоспарлап жүрген.

Әйел қызының жауапсыз махаббаттан қиналып жүргенін жоққа шығарды. Томирис екі жыл бойы Муртузали Меджидовпен кездесіп жүріпті.

Жанна тергеудің жүріп жатқанын айтуда.

Еске салсақ, 13 сәуір күні Мәскеуде төртінші курс студенті университет терезесінен құлап түскен болатын. Бойжеткен ауыр халде жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
5
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel