RU
Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттері қанша тұрады?
Жаңалықтар Спорт

Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттері қанша тұрады?

Рассказать Вконтакте

Калифорнияда бесінші мамыр күні өтетін Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның арасындағы жекпе-жектің билеттері қанша тұратыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Головкин - Мартиросян. Фото: sports.kz

Головкин - Мартиросян. Фото: sports.kz

Билеттің ең арзаны - $53 (шамамен 17 мың теңге), ал ең қымбаты - $767 (шамамен 250 мың теңге). Жекпе-жек жергілікті уақытпен кешкі 20:00-де басталады. Яғни қазақстандықтар оны алтыншы мамыр күні Астана уақытымен сағат таңғы 9:00-де тамашалай алады.

Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді, ал қазақстандық телеарналар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске салсақ, допинг дауына тап болған Сауль Альварестің орнына Головкинмен бесінші мамыр күні америкалық боксшы Ванес Мартиросян қолғап түйістіреді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір