RU
Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүркіт жұбайы мен кішкентай ханшайымын перзентханадан шығарып алу салтанатты шарасын дүркіретіп өткізді. Аиша үшінші сәбиін суда босанған болатын. Өнерлі жұптың жанұялық мерекесіне NUR.KZ тілшісі де куә болып, жұлдызды әкемен сұхбаттасып қайтты.

Беркут

Беркут

Бүлдіршінді бұрын-соңды болмаған әдіспен дүниеге әкелген ананың әрекеті көпшілікті таң қалдырғанымен, Бүркіттің жұрт талқысына түскен тақырыпқа қатысты айтары бар.

«Суға босану туралы айтатын болсам, менің бұл жерде ешқандай қатысым жоқ. Әйел адамдар өздері шешті. Өздері келісті. Өздері жасады. Ол жағына мен араласқан жоқпын. Қарсы да болған жоқпын. Мен ондай нәрсеге араласпаймын», - дейді әнші.
Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Бүркіт пен Аишаның үшінші сәбиі түнгі уақытқа өмірге келген. Жұбайын перзентханаға әкелген отағасы, кішкентай қызының кіндігін өзі кескен болатын. Әдетте қазақ халқы бүлдіршіннің «кіндік әке-шешесі» ретінде ет-жақындарын сайлайтын еді. Әншінің бұл қылығы дүйім жұртқа ерсі көрінгенмен, өзінің көздегені де жоқ емес көрінеді.

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

«Мінезі кішкене тартсын деп, көңілі, жүрегінің кеңдігі әкесінен аумасын деген ырыммен жасайды ғой негізі. Мақсатымыз сол еді», - дейді Бүркіт.

Бүркіт қызының кіндігін өзі кескенімен, босану процесінде Аишаның қасында болмаған. Перзентханада отырғанымен, жұбайына серіктес ретінде жәрдемдеспепті.

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

«Жо-жоқ, мен серіктес болған жоқпын. Тек қана кірдім, кіндігін кестім, содан кейін шығып кеттім. Серіктес болғанды мен қаламадым. Мен бірден айттым, мен палатада күте берейін. Осында отырамын дедім», - дейді ол.
Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Жұлдызды жұптың екі ұлы бар. Үлкені - Зейін, екінші атұстары - Омар. Бүгінде аға атанған балайқайлар қарындасының бар екенін іштей сезіп, ерекше әсерге бөленіп жүрген көрінеді.

«Олар енді әлі кішкентай ғой. Олардың қатты ой-санасына кіріп жатыр деп ойламаймын. Бірақ дегенмен кішкене түсініктері бар. Артынан осындай кішкентай қыз еріп келе жатқанын өздері түсініп жатқаны сезіледі», - дейді жұлдызды әке.
Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Алғаш рет қызды болған Бүркіт Аишаны перзентханадан қалай шығарып алды? (фото)

Перзентханадан шығарып алу рәсімінде жұлдызды жұптың өнердегі достары арнайы келген. Олардың қатарында Жанболат пен Жазира, Арман мен Аша, Асхат Тарғын, Ғани мен Бота, Бағлан Әбдірайымов сынды әріптестері бой көрсетті.

Кішкентай ханшайым Алматыдағы ақылы перзентаналардың бірінде дүниеге келген. Қызды болған Бүркіт Аиша мен ханшайымын қымбат көлікпен, сәнді әрі салтанатты етіп шығарып алған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
3
2
0
4
45
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір