RU
Салафизмді насихаттаған тәжік имамы алты жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Салафизмді насихаттаған тәжік имамы алты жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның Худжанд қаласының соты апта басында мешіттің бұрынғы имамын салафизм идеясын насихаттағаны үшін түрмеге отырғызды. Салафизм ағымына республикада тыйым салынған деп жазады Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Салафизмді насихаттаған тәжік имамы алты жылға сотталып кетті

Салафизмді насихаттаған тәжік имамы алты жылға сотталып кетті

Худжанд қаласы сотындағы дереккөздің хабарлауынша, 35 жастағы Абдулло Сайдуллоев 2004-2007 жылдары Сауд Арабиясындағы медреселердің бірінде діни білім алған, елге оралған соң "Сари санг" мешітінің имам-хатибі болып істеген. Мешітке келушілер дін қызметкерінің намазды басқаша оқитынын байқаған.

Тұрғындардың бірі сотта Сайдуллоевқа қарсы куәлік етіп, имамның намазды салафиттерше оқитынын және басқаларды солай жасауға шақырғанын айтқан. Сотталушы соңғы сөзден және адвокаттан бас тартты.

Сайдуллоев 2017 жылы қазанда өз үйінде ұсталды. Құқық қорғаушылар оның үйінен тыйым салынған 200 діни әдебиет тәркілеген. Сондай-ақ, оның екі бауырына іздеу жарияланды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олар араб елдерінің бірін паналаған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір