RU
Екі баланың анасы өзін алып қашқан нашақор күйеуімен ажырасып тынды
Жаңалықтар Қоғам

Екі баланың анасы өзін алып қашқан нашақор күйеуімен ажырасып тынды

Рассказать Вконтакте

18 жасында тұрмысқа шыққан Меруерт есімді әйел өзін алып қашқан күйеуінің нашақор екенін айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ажырасу. Көрнекі фото: orazvode.com

Ажырасу. Көрнекі фото: orazvode.com

Меруерт ол кезде болашақ жарын жақсы білгенін және оған, тіпті ғашық болғанын айтуда. Алайда тұрмысқа шығуға асықпаған.

"Жұмыс істеймін деп ойладым. Кейін некемізді қиып, бақытты өмір сүретінімізге сендім. 18-де тұрмысқа шыққым келмеді. Алайда ол мені алып қашып, өзгеше шешті. Әрине мен келісімімді беріп, бірге тұра бастадық", - деп есіне алды ол.

Меруерт 19 жасында тұңғышын дүниеге әкеледі. Күйеуі оның көзіне шөп салып, соққыға жығуды шығарады. Ол Меруертке жұмысқа шығуға рұқсат етпейтін, өзі де жұмыс істемепті.

"25 жасымда тағы бір ұлымды дүниеге әкелдім. Күйеуім өзгереді деп үміттендім. Дегенмен балаларым барына бақыттымын. Біз менің ата-анамның арқасында күн көрдік. Ол ішіп, есірткі шегіп, ойына келгенін істеп жүрді. Балаларға қандай үлгі болар еді?", - дейді Меруерт.

Күйеуінің кезекті опасыздығын көтере алмаған әйел ұлдарымен бірге күйеуінен кетіп қалады.

"13 жыл некемізден кейін кетіп қалу оңай болмады. Балаларым кішкентай, үйім де жоқ. Ата-анама қайтып баруға ұят. Ажырасқаныма 12 жыл болды. Сол арада алимент алған емеспін. Пәтер жағалап жүрміз. Дегенмен ұлдарымды аяқтан тұрғыздым", - дейді ол.

Әйел үлкен ұлы жақында ұлды болғанын және бүгінде өзінің ерекше бақытты екенін айтуда.

"Үйім болмаса да, балаларым үшін барымды саламын. Мұнымен өмір тоқтап қалмайды, Алла жазса, бәрі де болатынына сенімдімін", - дейді Меруерт.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel