Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елді сұлулығымен тәнті еткен қазақ бишісі 47 жасында алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Танымал қазақ балеринасы Сәуле Рахмедова алғаш рет 47 жасында ана атанды. Бұл құпиясын екі жыл бойы сақтап жүрген биші алғаш рет жеке өмірі туралы айтты деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елді сұлулығымен тәнті еткен қазақ бишісі 47 жасында алғаш рет ана атанды (фото)
Сәуле Рахмедова ұлы Мәжекенмен. Фото: "Время" газеті: UGC

Сәуленің айтуынша, ол жеке өмірін елге көрсетіп, барған-тұрғанын жарнамалағанды ұнатпайды. Жасы елуге келсе де сұлулығын сақтай алған Сәуле 47 жасында ана атанып, көптен күткен арманына қол жеткізгенін айтады.

Елді сұлулығымен тәнті еткен қазақ бишісі 47 жасында алғаш рет ана атанды (фото)
Сәуле Рахмедова. Фото: "Время" газеті: UGC
19 жасынан бастап отандық балет өнерінің дамуына үлес қосып, жиырма жасында ең сұлу ару атанған ол бұған дейін өнерде де, өмірде де аса белсенділігімен танымал.

Көптеген телевизиялық шоулардың қатысушысы болған Сәуле 47 жасында кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққанын айтады. Алғаш рет ана бақытын сезінген келіншек бүгінгі таңда сәбиін жанын сала тәрбиелеуде.

Айтуынша, ол енді тағы да сәбилі болуды армандап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1727783-eldi-slulygymen-tnti-etken-kazak-bisisi-47-zasynda-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel