RU
59 жылда алғаш рет Кубаға жаңа прездиент сайланды
Жаңалықтар Әлемде

59 жылда алғаш рет Кубаға жаңа прездиент сайланды

Рассказать Вконтакте

19 сәуірде Куба парламенті мемлекет басшысы ретінде бұрынғы вице-президент Мигель Диас-Канель сайланғанын хабарлады. Ол президенттікке жалғыз кандидат болған деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

59 жылда алғаш рет Кубаға жаңа прездиент сайланды

59 жылда алғаш рет Кубаға жаңа прездиент сайланды

86 жастағы Рауль Кастро биліктен кеткенімен ол 2021 жылға дейін Куба компартиясының бас хатшысы болып қала береді.

Куба бойынша сарапшы, профессор Уильям Леограндтың айтуынша, елдің саяси-экономикалық және қоғамдық мәселелеріне қатысты шешімді коммунистік партия қабылдайды. Ал заң бойынша президент партия тапсырмасын орындауға міндетті.

11,5 миллион кубалық тұрғындар президентті сайламайды. Президентті Куба парламентінің 605 депутаты тағайындайды.

Куба 1991 жылы Совет одағынан келетін көмек тоқтаған соң экономикалық дағдарысқа ұшырады. Сарапшылар ел бұл дағдарыстан әлі шықпағанын айтады.

Фидель Кастро әулеті Кубаны 1959 жылдан бері басқарып келген. Вашингтондағы Латын Америкасы бойынша ғылыми қордың мамандары Кастроның биліктен кетуі АҚШ-пен диалог орнатуға септігін тигізуі мүмкін екенін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel