RU
Жаман қыз емес: Танымал журналист атышулы Замираға баға берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жаман қыз емес: Танымал журналист атышулы Замираға баға берді

Рассказать Вконтакте

Танымал журналист Қымбат Әбілдина "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы, атышулы Замира Сұлтанның тәрбиесіне қатысты сын айтты деп хабарлайды "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Замира Сұлтан. Фото: Instagram

Замира Сұлтан. Фото: Instagram

Бағдарламаға келген Замира өзінің 17 жасында ұйғыр жігітіне тұрмысқа шыққанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, бойжеткен осы уақытқа дейін еш жерде жұмыс істеп көрмегенін де айта кетті.

"Қарап отырсам, Замираны шешеден гөрі, көше көбірек тәрбиелеген сияқты. Өзіңді өзің тәрбиелемесең, бақыламасаң, сенің еркіндіктен есерлікке жіберіп алған жолдарың бойыңа мінез болып қалыптасады. Замира негізі жаман қыз емес. Оның бойында адалдық, ақ көңілділік бар", - деді Қымбат Әбілдина.

Еске сала кетейік, Замира Сұлтанқызы "Қалаулым" бағдарламасы арқылы көпшілікке танылған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
2
1
3
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel