RU
Ағасымен сөзге келген алматылық келіншек ізім-ғайым жоқ болып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ағасымен сөзге келген алматылық келіншек ізім-ғайым жоқ болып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда 41 жастағы Тахмина Емерова есімді келіншек ағасына хабарлама жолдап, кейін із-түссіз жоғалып кеткен NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NewTimes.kz

Фото: NewTimes.kz

Басылым журналистері әйелдің туған-туыстарымен байланысқа шыққан екен.

"Тахмина үйден 2 сәуір күні кешке шығып кеткен. Сосын ағасына құрбыма бара жатырмын деген хабарлама жолдаған. Хабарламаны көргенімізде, ағасы екеуінің сөзге келмей қалғанын түсіндік. Кейін біз 31 наурыз күні Көкшетауға билет сатып алғанын білдік. Тағы да айта кетерлігі, оның азаматтық некеде болған бұрынғы жолдасы осы қаладағы тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуде болған. Бірақ полиция оны әлі күнге дейін таба алмай жатыр. Тахмина әлеуметтік желілерге де кірмей жатыр, оны да бақылап отырмыз",-дейді әйелдің туыстары.

Келіншек түр-келбетіндегі ерекшеліктер: ерні жуан, қасына татуаж жасалған әрі сол жақ бетінде меңі болыпты. Ал, оның үстінде қандай киім болғанын туыстары білмей отыр.

Тахмина Емерованы көргендер болса, туыстары келесі номерлерге хабарласуды сұрайды:

+7 701 991 18 08 — туысы Зарина,

+7 707 252 61 00 — қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің белсенділер тобы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel