RU
Астанада басшылықпен ренжісіп қалған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада басшылықпен ренжісіп қалған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

11 сәуірден бастап еш хабарсыз кеткен 37 жастағы Ғалымбек Тукибаевты жақындары жанұшыра іздеуде. Ғалымбектің әйелінің айтуынша, ол жұмыстағы басшылықпен жанжалдасып қалған деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада басшылықпен ренжісіп қалған жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Ғалымбек Тукебаев. Фото: NewTimes.kz

«Ол жұмыстағы басшылығымен жанжалдасып қалған. Осыдан кейін-ақ ол жоғалып кетті. Өткен сәрсенбіден бастап байланысқа шықпады", - дейді жоғалып кеткен азаматтың жұбайы.

Ғалымбектің туыстарының айтуынша, ол 1981 жылы өмірге келген. Жоғалатын күні ол былғарыдан жасалған күртеше, көк джинсалы сым және қоңыр бас киім киген.

Ғалымбек Тукибаев туралы қандай да бір ақпараты бар жандарды мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұраймыз: 102 немесе + 7 708 598 74 98.

Ер адамның туыстары Астана полициясына көмек сұрай жүгінген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel