RU
Әкесінің зиратынан өзге адамның мәйітін тапқан ақтаулық әйел шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Әкесінің зиратынан өзге адамның мәйітін тапқан ақтаулық әйел шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны өз туысының зиратына өзге марқұмды жерлеп тастағанын біліп, шалқасынан түсе жаздады. Әйел енді өгей әкесінің сүйегі қайда жатқанынан да бейхабар. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақтау тұрғыны. КТК арнасынан скриншот

Ақтау тұрғыны. КТК арнасынан скриншот

Неля Филонова өгей әкесінің зиратына жылда барып тұратын. Алайда осы жылы зиратта мүлде өзге адамның жатқанын біліп, есеңгіреп қалады.

Зиратқа өзге марқұмды жерлеу осыдан бірнеше ай бұрын жүзеге асырылыпты. 37 жыл бұрын дәл сол зиратқа өгей әкесін жерлеген әйел неліктен бұлай болғанын түсіне алар емес.

"Бүгінде мен мүлде бейтаныс адамның зиратының алдындамын. Бұл жайтпен әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Дегенмен мұны осылай қалдырмайтыным анық", - дейді ол.

Зират басшылығынан жауап іздеп барған әйел бастықтары бір ай бұрын ауысқанын біледі. Жаңа директор болса, ескі зиратты қайта сатып жіберген болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған. Ол соңғы айда шағым түсірушілер де көп екенін жасырмады.

"Сіздің зиратыңыз 80-ші жылдарда тұрғызылған. Керегі жоқ, ешкім іздемейді деп ойлаған болуы керек" деген жауап алдым... Бұл барып тұрған сорақылық қой", - деп күйінді әйел.

Ал марқұмның үстінен тағы бір марқұмды жерлегендер зираттың бос еместігін білмегендерін айтуда. Олар қайтыс болған туысқанын жерлеу кезінде қазылған шұңқыр бос болғанын алға тартты.

Зираттың бұрынғы директоры болса, зиратқа марқұмның туысы жерленіп жатқанына алданып қалғанын айтып, ақталған.

Неля Филонова прокуратураға шағым түсіріп, өгей әкесінің зиратына жерленген бейтаныс марқұмды өзге зиратқа көшіруін және өгей әкесінің сүйегін орнына қайтаруын талап етуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
7
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel