RU
"Алма-ТВ" компаниясының ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Алма-ТВ" компаниясының ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды

Рассказать Вконтакте

"Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан" акционерлік қоғамы 2,18 млрд теңгені құрайтын қаражаты мен мүлкі бұғатталғанын мәлімдеді. Мұндай хабарлама "Қазақстан қор биржасы" АҚ сайтында жария етілген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алма-ТВ. Көрнекі фото: paypoint.kz

Алма-ТВ. Көрнекі фото: paypoint.kz

Бұғатталған мүліктердің толық тізімі KASE сайтында жарияланған. Онда компания кассаларындағы қаражаттан бастап, екінші деңгейлі банктердегі қаражатқа дейін, тіпті компанияның жылжымайтын және жылжымалы мүліктеріне дейін бар.

Бұғатталған дүниелердің жалпы сомасы 2 180 388 000 теңгені құрады. Бұғаттау 2018 жылдың 12 сәуірінде болған. Ал оның себептері әзірге айтылмады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel