RU
Жүрсін Ерман айтысқа ақша үшін баға беретін қазыларды жерге қаратты
Жаңалықтар Қоғам

Жүрсін Ерман айтысқа ақша үшін баға беретін қазыларды жерге қаратты

Рассказать Вконтакте

Кеше Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі дода Әбілқайыр ханның 325 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жүрсін Ерман айтысқа баға бергені үшін ақша алып кететін қазыларды ұялтты

Жүрсін Ерман айтысқа баға бергені үшін ақша алып кететін қазыларды ұялтты

Ақтөбе жұрты айтысты 8 сағаттан аса уақыт тапжылмастан қарады. Ал жүлделі орындар табысталар тұста Жүрсін Ерман айтыстың әділқазыларын ұялтып тастады.

"Біздің әділқазылар келіп отырып, тақтайды көтергені үшін ақша алады. Ал Асанәлі ақша береді", - деді Жүрсін Ерман.

Ақтөбеде өткен айтыста Асанәлі Әшімов қорының 1 мың доллар сыйақысы Дидар Қамиевқа табысталды.

Бас жүлдені жергілікті ақын Ершат Қайболдин иеленді.

Айтысқа қатысқан 18 ақын да сыйсыз қалған жоқ. Үшінші орын алған үш ақынға 500 мың теңгеден табысталды.

Екінші орын алған Ринат Зайытовқа Ақтөбеден миллион теңге бұйырды.

Ал бірінші орынның 1,5 миллион теңгесін Болатбек Оразбаев иеленді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
1
5
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel