RU
Роза Әлқожа: Күйеуімнің махаббаты бойыма сенімділік ұялатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Әлқожа: Күйеуімнің махаббаты бойыма сенімділік ұялатты

Рассказать Вконтакте

Ерекше дауысымен көпшіліктің ықыласына бөленген әнші Роза Әлқожа өзінің отбасылық құпиясы мен күйеуінің сезімдері жайлы баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Әлқожа. Фото: Instagram

Роза Әлқожа. Фото: Instagram

Әнші күйеуін кездестіргенге дейін, өзіне сенімсіз болған.

"Шынымды айтсам, өзіме деген сенім болмады. Өзімді төмен бағаладым. Қандай жақсылықты да өзіме лайықты емес деп қарадым. Аяғым қисық деп ойладым. Дауысым көп қазақта бар дауыс деп ойладым. Əдемі емеспін, көзім кішкентай, неге аппақпын, неге сарымын дегендей өз бітімім өзіме ұнамады", - деген әнші жары Айқынмен кездескеннен кейін өзгерген.

"Айдынның махаббаты, жақсы көруі, "Cен əніңмен əдемісің" деп əніммен жақсы көргені əсер етті. Бойыма сенімділік ұялатты. Одан кейін мен оған "Лашықта тұрсақ та, сенімен бірге боламын" деп серт бердім. Шүкір. Армандарым жүзеге асып келе жатыр», - деді Роза Әлқожа Instagram парақшасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel