RU
Сапарбаев Ақтөбені не себепті "Астана" мен "Алматыға" бөліп тастағанын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев Ақтөбені не себепті "Астана" мен "Алматыға" бөліп тастағанын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев тілшілердің алдында есеп беріп, соңғы кездері өңірде орын алып жатқан түйткілді мəселелерге тоқталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев. Фото: орталық коммуникациялар қызметі

Бердібек Сапарбаев. Фото: орталық коммуникациялар қызметі

Баяндамасын тəптіштеп оқып берген əкім, тілшілердің де бірқатар сауалдарына жауап берді. Солардың ішінде, "Ақтөбені не себепті "Астана" жəне "Алматы" етіп бөлді деген сұрақ та болды.

"Қазақстанда заң бар. Егер елдегі қала халқының саны 400 мыңнан асатын болса, онда облыс орталығы аудандарға бөлінеді. Шымкент, Қарағанды сияқты. Қазіргі таңда Ақтөбе халқы 480 мыңды құрайды. Сол себепті біз ұсыныс тастадық. Осының бəрін ескере келе, екі ауданға бөлінді. Ат беру жөнінде заң, нормативтік құжат бар. Сонда жазылған тізім: қандай тұлға, жерлердің атын беруге болады. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Сол топ екі жерде қоғамдық тыңдау өткізді. Оған көп адам қатысты, оның алдында халық арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада Əбілқайыр, Абай, Есет батыр есімдері ұсынылды. Соның ішінде Сазды мен Елек өзендерінің де аты ұсынылды.

Одан кейін Алматы мен Астана деген ат болды. Соның бəрін іріктеп, талдай келе Алматы мен Астанаға тоқталдық. Осы қалалардың атын қоғамдық кеңесте ұсындық. Біз айтқан тізімде Елек, Сазды өзендер жоқ. Көпшілік қолдағаннан кейін, біз оны республикалық ономастикалық комиссияға ұсындық. Комиссия оны қолдады, қалалық, облыстық маслихат депутаттары бірауыздан қолдады, сонымен қазір шешім қабылданды. Қаланың бір бөлігі - Астана, екінші бөлігі - Алматы болады", - деп түсіндірді облыс басшысы.

Сонымен бірге әкім облыс орталығына не себепті өзен атаулары берілмегенін түсіндіріп берді.

"Əлеуметтік желілерде қарсы болған азаматтар да болды. Солармен кездестім, сөйлестім, түсіндірдім. Елек өзені Қазақстаннан басталады, Ресейде аяқталады. Сонда кімнің өзені ол? Сазды өзені болса, кішкентай ғана өзен. Оның үстіне жаңа айттым, тізімде жоқ. Сондықтан, біз қашанда халықтың, көпшіліктің айтқанын тыңдауымыз керек. Ал ішінде бес-алтауының айтқанын тыңдасақ, онда алысқа бармаймыз", - деп дейді шенеунік.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев тілшілер алында есеп берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
2
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel