RU
Танымал продюсер шартты бұзған топ жігіттерінен 96 миллион теңге сұраған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал продюсер шартты бұзған топ жігіттерінен 96 миллион теңге сұраған

Рассказать Вконтакте

Есболат Беделханның «Black Dial» тобының бұрынғы әншілері топтан не себепті кеткендерін жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Есболат Беделхан. Фото-коллаж: NUR.KZ

Есболат Беделхан. Фото-коллаж: NUR.KZ

Ескелді Қуандық пен Самат Қазмағамбетов өз шындықтарын айтып берді. "L" және "Teddy" есімімен белгілі топ мүшелері ақпан айында "Black Dial"-ден бөлек кеткен.

Наурыз айында баспасөз өткізген Есболат Беделхан екі шәкіртінің талаптарға сай болмағанын айтқан еді.

Ал жігіттердің сөзінше, Есболат Беделхан мен топ жігіттері арасындағы келіспеушілік осыдан бір жыл бұрын басталған. Ал олардың топтан кетуіне продюсердің үш ай бойы із-түссіз жоғалғаны себеп болыпты. Сондай-ақ кіші Беделхан қол астындағы жігіттерге екі жыл бойы ақы төлемеген.

"Үш ай бойы концерт те, ән жаздыру да болмады. Продюсеріміз жәйдан-жәй байланысын үзді", - деген Қуандық пен Самат топтан кетуге шешім қабылдаған.

Ал көп ұзамай Есболат Беделхан шәкірттерінен келісімшартты бұзғаны үшін 96 миллион теңге сұраған. Ал келісімшартты жасаған сәтте жігіттер оның екінші тұпнұсқасын қолына ұстамаған. Сондай-ақ "Black Dial" жігіттері жеті жыл бойы сахнаға шыға алмайды.

Қазір Қуандық пен Самат заңгердің көмегіне жүгінген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
4
1
3
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір