RU
Шымкентте тұрмысқа шықпай жатып жүкті болып қалған әйел өз-өзіне қол салмақ болды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте тұрмысқа шықпай жатып жүкті болып қалған әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 24 жастағы әйел ауыр жағдайға тап болды. Өзі тұрмыс құрмай тұрып, ол екіқабат болып қалған. Мұны естіген туысқандары бойжеткеннің қылығын күнәға теңеп, одан теріс айналып кетті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

"Менің басыма түскен оқиға, Қазақстанда кеңінен танымал "ұят болады" деген мәселе", - деп айтты Ақдана.

Оның айтуынша, қызының некесіз бала тумақшы болғанын естіген ата-анасы оны көргілері келмей, теріс айналған.

Бастапқыда, анасы аборт жасатуын талап етіп, алайда тым кеш болғанын біле сала "отбасыны ұятқа қалдырдың" деген сөбен үйінен қуып шығыпты.

Ақдана екі ай бойы құрбыларының үйін паналаған. Уақыт келе достарынан ыңғайсызданған ол вокзал төңірегін мекендеуге көшіпті.

Оның айтуынша, дәл осындай мәселелер әйелдер қауымын өз туған сәбиін тастап кетуіне әкеп соқтырады. Бәрі теріс айналып, жападан жалғыз қалған бойжеткенде тіпті өз-өзіне қол жұмсамақ ойлары болған.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қазақи ұяттың құрбанына айналған 24 жастағы Ақдананы астаналық "Аналар үйінің" еріктілері құтқарып қалды. Олар оны бірден елордаға алып келіп, тиісті көмекпен қамтамасыз еткен.

Нәтижесінде Ақдана сәбиін аман-есен босанып, қазіргі таңда жұмыс іздеу барысында жүр. Баласы екеуі әлі де Астанадағы "Аналар үйінде" тұрып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
9
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір