RU
Қостанай облысында 15 жастағы қыз мерез ауруын жұқтырып алды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында 15 жастағы қыз мерез ауруын жұқтырып алды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында жынысьық жолмен таралатын жұқпалы аурулардың саны арта түсті. Егер былтыр өңірде ВИЦ-инфекциясына шалдыққандар саны 20-ға тең болса, жыл басынан бері олардың саны 57-ге жеткен деп хабарлайды Alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанай облысында 15 жасар қыз мерез ауруын жұқтырып алды

Көрнекі фото: Вологдаинфо

Облыстағы жұқпалы аурулар ең көп таралған қалалар қатарына Қостанай, Рудный және Лисаковск қалалары енген. Тек қана ВИЧ-инфекциясы ғана емес, сонымен бірге жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аулуларға шалдыққандары саны да күрт өсіп кеткен.

«Инфекцияға шалдыққандар санының көрсеткіші 15-17 жас аралығындағы жасөсіпірімдер арасында да анықталуда. Мәселен, биыл бұл көрсеткіш тиісті деңгейде болмады. Себебі Жетіқарада 15 жастағы қыз мерез ауруын жұқтырып алған", - дейді Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркен Дәуітбаев.

Дәрігерлер адамның жеке бас қауіпсіздігі үшін жылына екі рет ВИЧ-инфекцияның анықтауға қан тапсырған жөн деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel