RU

Бір апта бойы із-түзсіз кеткен үш баланың ата-анасы букмекерлік кеңседен табылды

Бұған дейін БАҚ беттерінде елордадағы үш бірдей баланың ата-анасы іс-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Қалалық ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар табылған және олар дін аман деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

32 жастағы Исраилджан Идминов пен оның жұбайы Гулхан Терлікбаеваны құзырлы органдар бір апта бойы іздеген. Олар өздерінің үш бірдей перзентін тастап, ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Осы уақыт аралығында құзырлы органдар жеткіншектерді балалар үйіне орналастырып үлгерген еді.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ерлі-зайыптыларды тапқан. Олар қаладағы букмекерлік кеңселердің бірінде болған.

Тәртіп сақшылары қос тұрғынды қандай да бір тәртіп бұзбады дейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада үш бірдей жеткіншектің ата-анасы ізім-ғайып жоғалып кетті деген ақпарат жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727909-bir-apta-bojy-iz-tzsiz-ketken-s-balany-ata-anasy-bukmekerlik-keseden-tabyldy.html