RU
Қызды шоқындырып артынша суға батырып жіберген дін қызметшісі, оны вампирге теңеді
Жаңалықтар Әлемде

Қызды шоқындырып артынша суға батырып жіберген дін қызметшісі, оны вампирге теңеді

Рассказать Вконтакте

Зимбабве мемлекетінде Масимба Чирайи атты шіркеу қызметшісі Венди Тиннамайды шоқындыру кезінде Ньяур өзеніне батырып жіберді. 37 жастағы ер адам бұл әрекетін ішіне жын кіріп кеткен қыздан қорғану үшін істегенін айтты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Масимба Чирайи зимбабвелік ірі христиандық сектаның негізгі дін қызметкері ретінде танымал. Ол Венди Тиннамайды шоқындыру және арнайы тазарту рәсімінен өткізу керек болған.

Ньяур өзенінде өткізіп жатқан кезекті діни рәсімі кезінде ол кенеттен бойжеткенді тұншықтыруға кірісті.

"Менің ойымша ол вампирге қатты ұқсады. Тіпті қыздың ішіне жын кіріп кеткендей болып көрінді. Мен одан қорыққаным соншалық, ол адам өлтіруден тайынбас деп ойладым", - деп айтты ол.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Сот отырысы барысында Масимба Чирайи кепілдік негізінде уақытша босатылған. Келесі сот отырысы мамыр айына жоспарланып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір