RU
Құрбысын қалжыңдап автобус астына итеріп жіберген арудың басы бәлеге қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Құрбысын қалжыңдап автобус астына итеріп жіберген арудың басы бәлеге қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Польшадағы Чеховице-Дзедзице қаласында 17 жастағы қыз өзін әзілдеп итеріп жіберген құрбысының кесірінен автобус астына құлап кетті. Оқиға көшедегі бейнебақылау назарына түсіп қалған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Полиция қызметкерлері ұсынған бейнебақылау жазбасында автобустың қыздар қасынан тым жақын өтіп бара жатқаны анық байқалады. Алайда оны аңғармаған бойжеткен 17 жастағы құрбысын қалжындап итеріп жіберген.

Бұл қалжыны орынсыз болғанын ол автобус астына құлап кеткен құрбысын көргенде ғана түсінсе керек. Польшалық азаматша әрекетінен кейін бір орында қатып қалып, қозғала алмаған.

Автобус жүргізушісі бірден тоқтап, оқиға орнына полиция мен жедел әрдемді шақырды. Абырой болғанда, 17 жастағы ару дін-аман болып шықты. Ал ойынынан өрт шыққан қыз 300 злотый көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Алайда жергілікті полиция бөлімінің басшысы бұл жаза істелген әрекетке аздық етеді деген пікірде. Оның ойынша, егер қызға өмірге қауіп төндіру шағымы түсірілсе, ол темір торға тоғытылуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel