RU

Анасы мен баласын құтқару үшін суға секірген өскемендік жігітке ел риза болды

Өскеменде кездейсоқ жолаушылар Ертіс өзеніне батып бара жатқан әйел мен баланы құтқарды хабарлайды Хабар 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kroha.od.ua
Фото: kroha.od.ua: UGC

Оқиға Ертіс өзенінің жағалауында болған. Баласын ертіп барған әйел абайсызда суға құлаған.

Осы сәтте кездейсоқ өтіп бара жатқан өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев әйел мен баланы көрген бойда суға секірген. Оған электрик Ернар Қадылбеков пен оның әріптесі Айдын Тортбай көмектескен.

Ернар Қадылбеков суға тұншыққан балаға жасанды тыныс жасап, өмірін сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727938-anasy-men-balasyn-ktkaru-sin-suga-sekirgen-skemendik-zigitke-el-riza-boldy.html