RU
Тауыққа жүрегі мен қолын ұсынған ер адамға іздеу салынды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тауыққа жүрегі мен қолын ұсынған ер адамға іздеу салынды

Рассказать Вконтакте

Англияның Нортгемптон қаласындағы мейрамхана ұжымы сүйікті тағамына үйленгісі келген ер адамға іздеу салды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: lenta.ru

Көрнекі фото: lenta.ru

"Егер мен мына карри қосылған тауыққа үйлне алсам, оған ойланбастан ұсыныс жасар едім", - деп ағынан жарылған келушілердің бірі.

Ер адамның желіде жазған пікірі мейрамхана қожайынының көзіне түсіп, оған бірден іздеу салынады.

"Бұл тағам барлығына ұнайды. Алайда әлі ешкім жүрегі мен қолын ұсынған жоқ", - дейді мейрамхана иесі.

Айта кетейік, егер ер адам карри қосылған тауықпен некеге тұрғысы келсе, мейрамхана ұжымы тойды өзіміз ұйымдастырып береміз деп отыр.

Ал тойға сыйлық ретінде ер адамға жыл бойына тегін түскі ас ішу мүмкіндігі бұйырмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
5
2
1
5
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір