RU
Ауыл тұрғындары қыз зорлаған жігітті қолтырауынның ордасына тастап жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Ауыл тұрғындары қыз зорлаған жігітті қолтырауынның ордасына тастап жіберді

Рассказать Вконтакте

Мексикадағы Оахака штатының тұрғыны өзіне қатысты зорлық әрекеттер жөнінде полиция бөліміне жүгінді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыскер 20 жастағы Ясинто есімді ер адам екенін агықтаған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Бұл оқиғадан хабардар болған қыздың көршілері қылмыскерді өздері жазалағысы келген. Олар 50 шақтыдай адам болып полиция бөліміне беттеді.

Полицейлерге зорлықшыны шығаруын талап еткен ашулы көпшілік қалауы орындалды. Ауқымды тәртіпсіздік болу қаупінен қорқып қалған тәртіп сақшылары қылмыскерді ашулы ер азаматтар алдына шығарып жіберген.

Жергілікті халық алдымен ер адамды өлімші етіп сабап, артынан қолтырауындар арасына тастап жіберген. Полицейлер алдымен араласқысы келмей, кейін көпшілікті тыныштандырып жігітті өлім ауызынан құтқарып қалды.

Қолтырауындарға жем бола жаздаған 20 жастағы ер азамат тірі қалған. Ол аса күрделі жарақаттармен бірден ауруханаға жеткізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
3
3
2
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір