RU

Полиция жұртқа қомақты ақша уәде еткен қаржы пирамидасын тексеріп жатыр

ІІМ Тергеу департаменті "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасының басшылығының үстінен қозғалған қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Ros.biz
Иллюстрациялық фото: Ros.biz: UGC

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу жұмыстары барысында, аталған пирамида Қазақстан аумағында қысқа мерзім ішінде халыққа қомақты ақша уәде ете отырып, 2017 жылдың наурыз-қараша айларының аралығында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының қызметіне байланысты зардап шеккен куәгерлер мен жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, қаржы пирамидасынан зардап шеккендер Ішкі істер министрлігінің тергеу бөліміне немесе аумақтық полиция бөлімдеріне жүгіне алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1727950-policia-zrtka-komakty-aksa-ude-etken-karzy-piramidasyn-tekserip-zatyr.html