RU
Туған әкесін пышақтап өлтірген 17 жастағы қыз бір-ақ жылға сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Туған әкесін пышақтап өлтірген 17 жастағы қыз бір-ақ жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды туған әкесін өлтіргені үшін соттады. Оқиға 2018 жылы 3 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Туған әкесін пышақтап өлтірген

Хабарланғандай, 17 жастағы қыз тұрмыстық жанжал кезінде әкесіне пышақ салған. Ер адам сол жерде жан тапсырыпты.

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Үкім 18 сәуірде шығарылған.

Бастапқыда сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылған болатын. Бірақ кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталып, іс Қылмыстық кодекстің 102-бабы бойынша қаралды.

Сот қызды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, сот залында қамаудан босатты.

Белгілі болғандай, қыздың әкесі маскүнемдікке салынған екен. Сотталушы Қостанай қаласындағы колледжде оқиды, ата-анасына қысқы каникул кезінде барған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
9
2
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір