RU
Мешітті тонаған ұры жігітті "полицей ит" иіскеп жүріп тауып алған
Жаңалықтар Әлемде

Мешітті тонаған ұры жігітті "полицей ит" иіскеп жүріп тауып алған

Рассказать Вконтакте

Башқұртстанның Илишев ауданында орын алған мешіт ұрлығы тез арада беті ашылып, садақа жәшігін жымқырған күдікті ұсталды деп жазады Muslim.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мешітті тонаған ұры жігітті итпен іздеп тауып алған

Мешітті тонаған ұры жігітті итпен іздеп тауып алған

Мешіт ғимаратының терезесін сындырып кіріп, садақа жәшігін көтеріп кеткен ұрыны құрықтауға полиция қызметкерлеріне із кесуге дағдыландырылған ит көмектесті.

Мамандар Еляға (иттің аты) садақа салынған жәшікті иіскеткені сол-ақ екен, иісшіл ит тәртіп сақшыларын ауыл сыртындағы тастанды ғимараттардың біріне бастап апарған.

Ғимарат ішінен сол ауылдың тұрғыны - 27 жастағы жігіт қашып шықпақ болғанымен, қолға түскен. Оның қалтасынан 20 мың рубль көлемінде қаржы тәркіленген.

Қолға түскен ұрыны өз кінәсін мойындап, өзінің бұл қадамға араққа ақша таппағандықтан барғанын айтқан. Ащы су алуға ақшасы болмаған ол мешіттен жымқырып кетуді жоспарлаған.

Ұрланған қаржы түгелдей құлшылық ордасына қайтарылып, қазіргі уақытта аталмыш ұрлық бойынша іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір